**InEU Student Took Part in the Republican Conference Dedicated to the 140th Anniversary of Mirzhakyp Dulatov**
2025 жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласында ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлының ағартушылық қызметтері мен шығармашылық мұралары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға университетіміздің Фил-24-41 тобының 2 курс студенті Қайыргелді Назерке қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Белсенділігі үшін студентке арнайы сертификат табысталды.
Студенттің ғылыми жетекшісі – Имамбаева Ғайша Ертайқызы, филология ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.
Қайыргелді Назеркені ғылыми ізденістегі жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табысқа, жаңа белестерге жете беруіне тілектеспіз.