ИнЕУ-де «Ветеринария негіздері» пәнінен демонстрациялық емтихан өтті
2025 жылғы 19 мамырда Innovative Еуразия университетінің «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар «Ветеринария негіздері» пәнінен демонстрациялық емтихан тапсырды.
Емтихан «Шанс» ветеринарлық клиникасы базасында өтіп, шынайы кәсіби ортаға барынша жақын жағдайда ұйымдастырылды.
Емтихан комиссиясын ИнЕУ профессоры Урюмцева Татьяна Ивановна басқарды. Онымен бірге студенттердің кәсіби дайындығын бағалауға клиника басшысы Яковлева Галина Николаевна қатысты.
Мұндай емтихан форматы студенттердің практикалық дағдыларын арттырумен қатар, университет пен өңірлік салалық мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.