ИнЕУ шеберлік сабағы: студенттер дамуының жаңа көкжиегі » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ шеберлік сабағы: студенттер дамуының жаңа көкжиегі
07 февраля 2025

ИнЕУ шеберлік сабағы: студенттер дамуының жаңа көкжиегі



Өңірлік жоғары оқу орындарымен әріптестік аясында Ақпараттық технологиялар колледжінде «Өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмысының ұйымдастырылуы: студенттердің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде академиялық жұмыс бойынша үйлестіруші, биология ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің (ИНЕУ) профессоры Комардина Л.С. сөз сөйледі.

Іс-шараның мақсаты – оқытушыларға студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын (ҒЗЖ) тиімді ұйымдастыруға арналған заманауи әдістер мен құралдарды ұсыну, бұл студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлауын жетілдіруге және кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар ҒЗЖ түрлері мен әдістерімен, ғылыми жобаларды іске асыру алгоритмімен танысып, «Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына қалай ынталандыруға болады?» және «Қандай зерттеу тақырыптарын ұсынуға болады?» сияқты негізгі сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ, студенттік зерттеулердің нәтижелерін бағалау және оқытушылар тәжірибесінен сәтті практикаларды бөлісуге ерекше көңіл бөлінді.

Осындай іс-шаралар педагогтардың біліктілігін арттыру үшін маңызды алаң болып табылады және студенттердің зерттеушілік әлеуетін дамытуға ықпал етіп, өңірлік ғылыми қауымдастықты нығайтады. Инновациялық Еуразия университеті академиялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, оқытушылар мен студенттердің кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда.

 

Чат-бот