ИнЕУ консорциумы студенттері арасында ҚР Ұлттық валютасы күніне орай қаржылық қауіпсіздік олимпиадасы өтті.
2024 жылдың 15 қарашасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай, Инновациялық Еуразия университетінде ИнЕУ консорциумы студенттері арасында қаржылық қауіпсіздік олимпиадасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру және жастарды экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға шақыру.
Қазылар алқасының құрамында:
- Кожамқұлова Әлия, Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаментінің аға операторы, экономикалық тергеулер қызметінің капитаны;
- Анапьянов Руслан, «Банк ЦентрКредит» АҚ орталық бөлімшесінің директоры;
- Жанұзақова Салтанат, ИнЕУ «Экономика және құқық» кафедрасының доценті болды.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды: 1️⃣ Теориялық тест: қаржылық қауіпсіздік негіздері бойынша білім тексерілді, жауап беру қосымшасы қолданылды. 2️⃣ Задачаларды шешу: қаржылық сауаттылыққа қатысты тапсырмалар, интерактивті құралдармен шешілді. 3️⃣ Кейс бойынша дебаттар: қатысушылар жұп болып өз позицияларын дәлелдеп, рөлдерді бөле отырып тапсырмаларды орындады.
Нәтижесінде: 🥇 Бірінші орынды ВКИнЕУ студенті Тулеуова Адита иеленді. 🥈 Екінші орын ИнЕУ студенттері Ораз Шыңғыс пен Берестовская Викторияға берілді. 🥉 Үшінші орын ИнЕУ студенттері Алистрапенко Денис, Оспанов Сабыр және ВКИнЕУ студенті Түлегенова Жансяға берілді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ орталық бөлімшесінің директоры Руслан Анапьянов: «Олимпиадаға қатысу мен үшін қызықты тәжірибе болды. ИнЕУ-мен ынтымақтастығымызды бағалаймын — университеттің түлектері жыл сайын біздің бөлімшеде сәтті жұмысқа орналасуда. Студенттердің дайындығы жоғары деңгейде болғанын көру маған шабыт берді», – деп атап өтті.
Іс-шара динамикалық өтті және қатысушыларға жаңа біліммен қатар практикалық тәжірибе сыйлады. ИнЕУ студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.