«ХҚЕС бойынша Есеп және қаржылық есептілікті қалыптастыру» қашықтық курсынан өтуге шақырамыз
ИнЕУ біліктілікті арттыру институты «ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті есепке алу және қалыптастыру» өзекті бағдарламасы бойынша топқа 72 сағат көлемінде қабылдау жариялайды.
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларда халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдардың қаржылық есептілігі үшін қажетті бухгалтерлік есеп деректерін өңдеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.
⠀
Курстың негізгі тақырыптары:
● Бухгалтерлік есеп принциптері;
● Қысқа мерзімді активтерді есепке алу;
● Ұзақ мерзімді активтерді есепке алу;
● Кірістер мен шығыстарды есепке алу;
● Міндеттемелер мен капитал есебі;
● Қаржылық есептілікті қалыптастыру.
Курстарға колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ тәжірибеден өтуші бухгалтерлер шақырылады. Оқытудың барлық процесі қашықтықтан, оқыту тілі – орыс тілінде жүзеге асырылады. Бір тыңдаушыны оқыту құны-15 000 теңге.
⠀
Лектор: Жалтырова О. И., PhD докторы, «Бизнес және басқару» кафедрасының доценті, «Кәсіби бухгалтерлер лигасы» бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшесі.
⠀
Курсты сәтті игерген кезде тыңдаушыларға сертификат беріледі және «Вестник ИнЕУ» ғылыми журналында тегін жариялануға мүмкіндік беріледі.
Курсты өткізу мерзімі: 2020 жылғы 15 маусымнан 28 маусымға дейін.
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: + 7 707 02129 63, сайт ipk.ineu.kz
ИнЕУ баспасөз қызметі