Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми ұйымдастыру жұмыстар бөлімінің негізгі міндеттері:
- Инновациялық Еуразия университетінің (ИнЕУ) бекітілген жоспары бойынша өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық жұмыстарды (ҒЗТҚЖ) ұйымдастыру және үйлестіру;
- ИнЕУ оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарының инновациялық жобаларын іске асыруда көмектесу;
- ИнЕУ-дің құрылымдық бөлімшелерінде өткізлетін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге университеттің және басқа да ЖОО (шетелдік ЖОО қоса) оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарының әртүрлі формада қатысуының негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық және білім беру қызметін біріктіру;
- Жаңа техника мен технологияны, жаңа ғылыми және оқу әдістемелері мен әдіснамаларын әзірлеуге көмектесу, кеңес беру сипатындағы қызметтер көрсету;
- ИнЕУ-де өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрылымдық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске және оқу үрдісіне енгізу;
- ИнЕУ оқытушыларын, тағылымдамадан өтушілер мен зерттеушілерін, докторанттарын, магистрлерін және студенттерін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуға тарту;
- ИнЕУ оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттарына грант, ғылыми стипендия және сыйақы алу мақсатында ғылыми жобалар конкурстарына ұсынылатын құжаттарды дайындауға жірдемдесу;
- ИнЕУ-де жасалатын зияткерлік меншік нысандарын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге көмектесу;
- ИнЕУ жоспары бойынша өткізілетін ғылыми конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
- ИнЕУ имиджін көтеруге бағытталған ғылыми және инновациялық іс-шараларға қатысу.