🎓 «Foundation» бөлімі
«Foundation» бөлімі «Инновациялық Еуразия университеті» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның қызметі тыңдаушылардың жалпы білім беру және тілдік дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.
Мақсаты – дайындық бағытына қарай қазақ, орыс тілдерін және жалпы білім беретін пәндерді оқытуды ұйымдастыру арқылы тыңдаушыларды жоғары оқу орнында әрі қарай оқуға дайындау.
Міндеттері:
Foundation бөліміне қабылдау және оқыту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 «Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдері қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
ℹ️ Толық ақпарат
Тыңдаушылар санаттары
Оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады:
* Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқыту алғаш рет жүзеге асырылса, тегін беріледі.
** Ақылы негізде оқыту да конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүргізіледі. Төлем мөлшері мен тәртібі нормативтік құқықтық актілермен және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт талаптарымен айқындалады.
📁 Әңгімелесуге қажетті құжаттар тізбесі
🗓️ Әңгімелесуге құжат қабылдау
Әңгімелесуге қатысу үшін құжат қабылдау
5 шілдеден 5 қыркүйекке дейін
Онлайн:
Онлайн: Құжаттардың электрондық көшірмелерін электрондық пошта мекенжайына жіберу: ineuinternational@gmail.com
Офлайн:
Құжаттарды қағаз түрінде қабылдау комиссиясына мына мекенжай бойынша ұсыну: Павлодар қ., Ломов көшесі 45.
Әңгімелесу кезеңі
Әңгімелесу өткізу мерзімі 10 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін
📣 Конкурстық іріктеу нәтижелері (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тыңдаушыларды қабылдау туралы шешім) талапкерлердің назарына 25 қыркүйекке дейін жеткізіледі.
💳 Оқу құны
Foundation бөлімінің тыңдаушылары үшін оқу құны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде тиісті оқу жылына бекітілген ақылы білім беру қызметтерінің тарифтеріне сәйкес Басқарма төрағасы - ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Бір тыңдаушыға оқу құны – жылына 605 000 теңге.
Оқу ақысы Қоғам мен тыңдаушы немесе тыңдаушының өзге өкілдері арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру қызметтерін көрсету туралы шартты рәсімдеу үшін қажет:
✅ Университетке қабылдау
Оқуға қабылдау 25 қыркүйектен 28 қыркүйекке дейін
Тыңдаушыларды ақылы негізде қабылдау білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалғаннан және университетте оқу ақысы төленгеннен кейін, конкурстық іріктеу нәтижелері хаттамасын ескере отырып жүзеге асырылады (ең төменгі өту балы кемінде 50 болуы тиіс).
Foundation бөліміне қабылданған тыңдаушылар оқу басталғанға дейін құжаттардың толық пакетін ұсынуға міндетті.
📄 Оқуға қабылдау үшін құжаттар тізбесі
📅 Оқу кезеңі
📌 1 қазан – 30 маусым (9 ай)
🏫 Тұру шарттары
Студенттер үйіне (жатақханаға) орналасуға рұқсат қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін беріледі (29 қыркүйектен бастап).