«Павлодар облысының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына 4-деңгейдегі бюджеттің әсерін бағалау» жобасы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Павлодар облысының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына 4-деңгейдегі бюджеттің әсерін бағалау» жобасы

«Павлодар облысының ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына 4-деңгейдегі бюджеттің әсерін бағалау» жобасы


 

Жобаны іске асыру мерзімі: 1.12.2020-31.05.2021 ж

Грант Беруші: «Еуразия» қоры

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, ынтымақтастық туралы келісім № 72011519ca00003.


Зерттеу тобының құрамы:

  • Шеломенцева Валентина Павловна
  • Беспалый Сергей Владимирович
  • Алтайбаева Жанат Калеловна
  • Нурова Назымгуль Шариповна
  • Науман Ольга Александровна
  • Солтангазинов Айбек Рахметоллаевич
  • Жетписов Серик Кожанович
  • Кашук Людмила Ивановна

 

Жоба аясында келесі жұмыстар орындалатын болады:

  • 4-деңгейдегі бюджеттерді қалыптастырудың және пайдаланудың қолданыстағы рәсіміне талдау жүргізу;
  • Павлодар облысының ауылдық округтерінің бюджеттеріне талдау жүргізу (қалыптастыру және орындау);
  • Халық саны 2,0 мың адам болатын Павлодар облысының ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;
  • Павлодар облысының ауылдық округтері тұрғындарының өмір сүру сапасын зерттеу;
  • Пайдалану жоспарлары мен пайдаланудың нақты нәтижелерін талқылауға Павлодар облысының ауылдық округтері халқының қатысуын зерттеу;
  • 4-деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, пайдалану және талқылау тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Жобаны іске асыру 4 деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру мен пайдаланудың өңірдің ауыл халқының өмір сүру сапасына әсерін бағалауға мүмкіндік береді.


АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының арқасында жүргізілген зерттеулерді Павлодар облысының ауылдық аумақтарындағы халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдар практикалық қызметінде пайдалана алады!


Жоба бойынша жарияланымдар:

  1. 1. 4 деңгейдегі бюджеттер ауылдық округтерде өмір сүру үшін жақсы жағдайлар жасайды!
+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер

Чат-бот