ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
29 октября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!

ИнЕУ студенті Денис Махневті шахматтан Азия Ұлттары Кубогының жүлдегері болуымен құттықтаймыз!  


Ағымдағы жылғы 26 қазанда Азия Ұлттарының онлайн Кубогы 2020 аяқталды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы Иран командасымен 3-4 орынды бөлісті.

Қазақстан құрамасы сапында «Спорт және допингке қарсы қамтамасыз ету» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының бірінші курс студенті Денис Махнев өнер көрсетті. Ол Үндістан құрамасымен болған ойында өзін жақсы көрсете білді. Бірінші кездесуде Денис екі партияда мықты Үндістан гроссмейстері Кришнан Сашикиранға қарсы 1,5 ұпай жинап, екінші кездесуде 5-тақтада үшінші орын алды.

Спортшының шығып қалу ойындарындағы табысты өнер көрсетуі оған турнирдің финалдық бөлігінің 6 турының қорытындысы бойынша Rating performance-те құрметті 2-орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Қысқаша түйіндеме:
Денис Махнев 18 жасында Қазақстанның ең жас халықаралық гроссмейстері атанды. Ол Павлодар облысының бірнеше дүркін чемпионы, жылдам шахматтан Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, классикалық шахматтан күміс жүлдегері, халықаралық турнирлердің жүлдегері. Грекияда өткен әлем чемпионатында алтыншы орын алып, әлемнің үздік алты шахматшысы қатарына енді.

ИнЕУ ректораты спортшыны құттықтап, жаңа жеңістер мен табыстар тілейді!

ИнЕУ баспасөз қызметі

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ студенттік жеңістер шежіресі
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері