ИнЕУ-2020 жылғы Қазақстанның ең үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі болып танылды! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-2020 жылғы Қазақстанның ең үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі болып танылды!
02 июня 2020

ИнЕУ-2020 жылғы Қазақстанның ең үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі болып танылды!

                                                                                                                                                          

Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі Қазақстанның жоғары оқу орындарының IQAA-Ranking рейтингін құрады. Біздің университет еліміздің көп салалы жоғары оқу орындарының арасында 12-ші орынға ие болды.


Рейтинг студенттер, түлектер, жұмыс берушілер арасында қашықтан сауалнама жүргізу нәтижесінде жасалды. Олардың әрқайсысы ИнЕУ-дің білім беру қызметіне өз бағасын берді. Осының негізінде Агенттік әр түрлі респонденттердің бағалары бойынша біздің университетіміздің ұстанымдарын саралады.

Студенттердің бағалауы бойынша біз 2 орынды иеленеміз; бітірушілердің бағалауы бойынша – 5 орынды; сарапшылардың бағалауы бойынша – 6 орынды иеленеміз. «Халықаралық ынтымақтастық» параметрі бойынша-6 позиция.

Бұл рейтингте біздің ұстанымымыз ИнЕУ-дің сыртқы ортадағы лайықты беделін, студенттер мен жұмыс берушілердің мамандарды даярлау сапасымен жоғары дәрежеде қанағаттануын куәландырады.

Рейтингтің толық нұсқасы IQAA-Ranking сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің сайтында және www.egov.kz электрондық үкімет порталында орналастырылған. 


ИнЕУ баспасөз қызметі
IQAA-Ranking 
сайтының ақпараты бойынша