Тіл – ұлттың жаны!
Қыркүйектің бесі күні Естай атындағы мәдениет сарайында тілдер мерекесіне орай «Тіл – рухани жаңғыру тетігі» атты облыстық тілдер фестивалі өтті.
Бұл мереке елімізде 1998 жылдан бастап атап өтіледі. 2018 жылы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен 5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні деп шешілді.
Аталмыш шарада Павлодар облысы әкімінің орынбасары фестивальға жиналған қауымды облыс басшылығы атынан құттықтап, бұл күннің қазақ әліпбиін латын графикасына негіздеген ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Мерекелік іс-шарада әр түрлі ұлт өкілдерінің өнерлері көрсетіліп, көрермендерді ерекше ықыласқа бөледі. Сонымен қатар жаңа латын графикасын үйрену жөніндегі «Ана тілі» мобильді қосымшасының тұсауы кесіліп, қаламыздың тіл жанашырлары облыс әкімі атынан марапатталды.
ҚтӘ-101 тобының студенті
Серикова Жансая