ИнЕУ "Жер сағаты" (Earth Hour) акциясына қатысады. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ "Жер сағаты" (Earth Hour) акциясына қатысады.
25 марта 2022

ИнЕУ "Жер сағаты" (Earth Hour) акциясына қатысады.

ИнЕУ "Жер сағаты" (Earth Hour) акциясына қатысады.
Бұл планета болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа символикалық сөндіруден тұратын жыл сайынғы халықаралық акция. Оның барысында әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарығы сөнеді.
Іс-шара планетаның экологиялық проблемаларына назар аударуға бағытталған.
"Жер сағаты" жыл сайын наурыздың соңғы сенбісінде өткізіледі. Планетаның барлық тұрғындарын бір сағатқа 20:30-дан 21:30-ға дейін шамдар мен электр құрылғыларын өшіруге шақырады.
Акцияны 2007 жылы Австралиядағы WWF дүниежүзілік табиғат қоры климаттың өзгеру проблемасына назар аудару мақсатында бастады. Мұндай шара жарықты бір сағатқа символдық сөндіруден басқа, әрбір азаматтың күнделікті іс-әрекетінің қажеттілігіне: энергия тиімділігі, ресурстарды үнемді пайдалану және табиғатпен үйлесімділікке қол жеткізуге баса назар аударады.
Акция әлемнің 135 елінен екі миллиардқа жуық бей-жай қарамайтын адамдарды біріктірді.
Болашақ үшін бір сағатты жерге арнаңыз!
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі