Павлодар ЖОО-да «Робототехникалық жүйелер» оқытылатын болады. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Павлодар ЖОО-да «Робототехникалық жүйелер» оқытылатын болады.
07 декабря 2021

Павлодар ЖОО-да «Робототехникалық жүйелер» оқытылатын болады.

Сербияда «Робототехникалық жүйелер» ИнЕУ-де қалай оқытылатыны туралы мәселе шешілуде. ИнЕУ ғалымдары Қазақстан үшін дуальді оқытудың осы жаңа білім беру бағдарламасын Еуроодақтың "Erasmus+" бағдарламасы аясында #DIARKAZ жобасы бойынша әзірледі.
DIARKAZ жобасының мақсатына қол жеткізілді: қазақстандық ЖОО – ИнЕУ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Өнеркәсіпті автоматтандыру және робототехника саласында бакалавриаттың дуалды бағдарламаларын әзірледі және бекітті. Соларға студенттерді жинап, дайындау ғана қалды.
DIARKAZ жобасын іске асыруды Нови Сад қалаласының (Сербия) университеті үйлестіреді. Сондықтан, 5-9 желтоқсан аралығында ол одан әрі әрекеттерді нақтылау үшін барлық қатысушыларды өз алаңына жинайды. ИнЕУ-ді А. К. Свидерскийдің басшылығымен Т. Д. Икомбаева, Л. Б. Тюлюгенова, Н. К. Алгазинова бар делегация ұсынатын болады.
Жиналысқа жобаның серіктестері: FH Joanneum университетінің профессоры Х. Хохринер (Австрия) және Duale Hochschule Baden-Württemberg (Германия) ЖОО өкілдері қатысады.
Өткен кеңесте жобаға қатысушылар бакалавриат пен магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары Оқу процесінде қалай қолданылатыны туралы шешім қабылдады. Толығырақ ақпаратты Сербиядан келген делегациямыздың оралуынан біле аламыз.

ИнЕУ баспасөз қызметі