ИнЕУ-дің жұмысы Еуроодақтың «DIARKAZ» жобасында жоғары бағаланды
ИнЕУ-дің жұмысы Еуроодақтың «DIARKAZ» жобасында (Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру және роботтандыру саласында дуалды білім беру) жоғары баға алды.
17 қарашада біздің жоғары оқу орнымызға «Erasmus+» бағдарламасының Қазақстандық офисінен мониторингтік топ келді, оның аясында республикамыздың үш жоғары оқу орнында #DIARKAZ жобасы іске асырылуда.
Сапар ИнЕУ проректоры Салтанат Жанұзақованың «Erasmus+» қазақстандық кеңсесінің жоба менеджері Баян Сапарғалиевамен кездесуінен басталды @erasmusplus.kz.
Содан кейін «DIARKAZ» жобасын іске асыру бойынша қорытынды есептерді оған қатысушы жоғары оқу орындары ұсынды - М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік - экономикалық университеті @kineu.kz және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - технологиялық университеті @wkau.kz .
ИнЕУ жұмысын жоба жетекшісі, ITF деканы Александр Свидерский ұсынды. Атап айтқанда, ол жазда ИнЕУ «Робототехникалық жүйелер» жаңа білім беру бағдарламасын оқыту әдістемесі және дуальді білім беру бойынша ірі халықаралық онлайн-семинар өткізгенін хабарлады. Сондай - ақ, ол аталған білім беру бағдарламасы тізілімге енгізілгенін және барлық әріптес жоғары оқу орындарында БҒМ-мен келісілгенін атап өтті.
Баяндамаларды талқылағаннан кейін мониторингтік топ ИнЕУ жұмысын тиімді деп таныды және біздің ЖОО-ның «DIARKAZ» жобасына қатысуын ұзартты. Барлық оқытушылар мен студенттерді құттықтаймыз!
ИнЕУ баспасөз қызметі