Дуальді оқыту жүйесін дамытуды жалғастыра береміз!
2021 жылғы 13 және 18 қаңтарда ZOOM платформасында «DIARKAZ» жобасының басқарушы комитетінің отырыстары өтті.
Йоаннеум қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Хохриннер қазақстандық жоғары оқу орындарының «DIARKAZ» дуалды білім беру бағдарламасын әзірлеушілермен кездесті. Кездесуге ИнЕУ-дегі DIARKAZ жобасының жетекшісі Қадырова Ақмарал Сатбекқызы, зерттеуші, әзірлеуші Салий Тамара Михайловна және зерттеуші Боқаева Мунира Садуакасқызы қатысты.
Отырысқа қатысушылар Қазақстанның жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және Инновациялық Еуразия университетінің, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқу жоспарларына қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Өз кезегінде, йоаннеум қолданбалы ғылымдар университетінің (FHJ), Баден-Вюртемберг университетінің (DHBW) және Нови-Сад қаласының университетінің (UNS) әріптестері кездесу өткізді, онда қазақстандық әріптестерінің оқу жоспарлары бойынша мәселелер түсіндірілді және одан әрі жұмыс жоспары жасалды.
2020 жылдың басынан бастап Инновациялық Еуразия университеті Қостанай ( М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ) және Батыс Қазақстан облысы (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), сондай-ақ Сербия, Германия және Австрияның үш еуропалық ЖОО қатысатын «Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехника үшін дуалды білім беру / DIARKAZ» халықаралық білім беру жобасының қатысушысы болды. Басты мақсат-өндірісте жұмыс істеудің негізгі дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлектерді даярлау.
Жоба туралы толығырақ «DIARKAZ» бөлімінен біле аласыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(DIARKAZ жобасының зерттеушісі Мунира Бокаеваның ақпараты бойынша)