ИнЕУ-дің кәсіптік бағдар берушілері-мектеп түлектеріне! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің кәсіптік бағдар берушілері-мектеп түлектеріне!
02 ноября 2020

ИнЕУ-дің кәсіптік бағдар берушілері-мектеп түлектеріне!

Павлодар қаласының «Дені сау ұлт» қоғамдық қоры 2020 жылғы 21-23 қазан аралығында ZOOM платформасында Павлодар облысының 11 сынып оқушыларына арналған онлайн эдвайзер-көрме өткізді.


Инновациялық Еуразия университетінен спикерлер ретінде DIARKAZ жобасының зерттеушісі Мунира Бокаева және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әйгерім Оразбекова сөз сөйледі.

Болашақ талапкерлермен кездесулердің негізгі мақсаты-оларға мамандықтардың, бағыттардың және дайындық бейіндерінің алуан түрлілігін анықтауға көмектесу. Сондықтан Әйгерім Оразбекова оқушылармен білім беру үдерісі, Инновациялық Еуразия университетінің жетістіктері және 2020-2021 оқу жылына арналған жоғары білім беру бағдарламаларына қабылдау ерекшеліктері туралы әңгімелесті.

  

Мунира Боқаева түлектерге DIARKAZ жобасы аясында «Автоматтандыру және робототехника» жаңа мамандығы туралы, осы мамандық бойынша дуальді оқытудың перспективалары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ ERASMUS+ бағдарламасы туралы айтып берді.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(DIARKAZ жобасының зерттеушісі Мунира Бокаеваның ақпараты бойынша)