Дуальды оқыту-заман талабы!
2021 жылдың 18 маусымында Инновациялық Еуразия университетінде DIARKAZ (ERASMUS + бағдарламасы бойынша) жобасы аясында оқыту әдістемесі мен дуалды білім беру бойынша төрт сағаттық онлайн-семинар өтті. ZOOM платформасының көмегімен семинарға жоба бойынша серіктестер ғана емес, сонымен қатар Семей, Орал, Қарағанды және Алматы жоғары оқу орындарының өкілдері, Эстония мен Ресейден шақырылған қонақтар, сондай-ақ жұмыс берушілер қатыса алды.
Спикерлер ретінде шетелдік мамандар - профессор Хаген Х. Хохриннер FH JOANNEUM (Австрия), Урсула К. Гёз DHBW Heilbronn (Германия), профессор Наташа Папич-Благожевич (Нови-Сада университетінің Бизнес Мектебі, Сербия), доктор Ольга Шмурыгина (Ресей мемлекеттік кәсіби-педагогикалық университеті), сондай-ақ қазақстандық спикерлер Икомбаев Талғат Дюсюмбекович (ИнЕУ) және профессор Моисеенко Олег Викторович (М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ Қостанай қ.) сөз сөйледі.
ИнЕУ-ден жоба жетекшісі, «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Икомбаев Талғат Дюсюмбекович және жоба қатысушысы, аға оқытушы Алгазинов Наркен Кайроллаевич кездесудің модераторлары болды.
Семинарда «Робототехникалық жүйелер» жаңа білім беру бағдарламасын білім беру процесіне енгізу бойынша тақырыптар, болжамды құзыреттер және дуальды оқытудың бейімделген әдістемелері, дуальды оқыту жағдайында мамандарды даярлау технологиялары талқыланды.
Жалпы алғанда семинар жұмысына 50-ге жуық адам қатысты.
Жоба туралы толығырақ «DIARKAZ» бөлімінен біле аласыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(«DIARKAZ» жобасының зерттеушісі Мунира Бокаеваның ақпараты бойынша)