ИнЕУ қабырғасында Халықаралық тағылымдамадан қалай өту керектігі туралы айтылды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ қабырғасында Халықаралық тағылымдамадан қалай өту керектігі туралы айтылды
25 июня 2021

ИнЕУ қабырғасында Халықаралық тағылымдамадан қалай өту керектігі туралы айтылды




Атап айтқанда, «Болашақ» бағдарламасы бойынша. Спикер ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Данияр Мукитанов сөз сөйледі. Қонақты Инновациялық Еуразия университеті Бақылау кеңесінің төрағасы Шыңғыс Мәкенов құттықтады.


Кездесуде шетелдік ғылыми тағылымдамалардың маңыздылығын атап өтті. Өйткені, олар сананы кеңейтеді. Ірі жобаларды жүзеге асыруға серпін береді.

- «Болашақ» бағдарламасын ерекше атап өткім келеді. Бұл мыңдаған қазақстандықтар үшін сапалы білім алудың нақты мүмкіндігі. Бағдарламаның басты нәтижесі — кадрлар. Олар бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті. Бүгінгі таңда жоғары білікті мамандар біздің де университетте жұмыс істейді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ректор — Анастасия Алиясова, — деп атап өтті ИнЕУ Бақылау кеңесінің төрағасы Шыңғыс Мәкенов.

Қонақ жиналғандарға халықаралық тағылымдамаларға қатысу тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әр адам қызықтыратын сұрақ қоя алды. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

  

  

 

- Тағылымдамаға қатысты маңызды сәт, Сіздер білесіздер, академиялық бағдарламаларда «Болашақ» бағдарламасының қатысушысы болғанға дейін жылжымайтын мүлікті кепілге қалдыру керек. Тағылымдамаларда бұл талап етілмейді, екі кепілгер жеткілікті, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ: Данияр Мукитанов.

Кездесу қорытындысы бойынша Инновациялық Еуразия университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арасында одан әрі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Айта кету керек, ЖОО-да өз қызметкерлеріне ғана емес, сондай ақ ERG сияқты өндірістік кәсіпорындарға да шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беруге дайын.

ИнЕУ баспасөз қызметі