Оқу үшін пайдалы саяхат!
«Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Инновациялық Еуразия университетінің 4-курс студенті Аяулым Отарбек академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу тәжірибесі туралы айтып берді.
Мен үшін 2019 жыл оқу үшін пайдалы саяхат уақыты болды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысудың арқасында Кемерово, Новосибирск және Алматы қалаларын көрдім.
Менің ойымша, бұл бағдарлама студенттерге өз ой-өрісін кеңейтуге, басқа елде болуға және басқа мемлекеттің жоғары оқу орнында білім алудың бірегей тәжірибесін алуға тамаша мүмкіндік береді. Осының барлығы жаңа достар табуға, танысу, үлкен әсер алуға және болашақта өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
2019 жылдың басында мен Кемерово қаласында орналасқан, РФ Т. Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университетіне бардым. Университет бір-біріне жақын орналасқан 6 үлкен корпустан тұрады. ИнЕУ-ге бөлінген қаражат есебінен біз барып-қайту билеттерін сатып алдық, жатақхана тегін берілді. Бізде сегіз адам болды: «Энергетика және металлургия» кафедрасынан төрт студент, басқа кафедралардан төрт студент. Біз келген кезде бізді қарсы алып, жатақханаға орналастырды.
Кемерово қаласында болған барлық кезеңде мен университетте оқу бағдарламасымен қысқаша танысып, көптеген зертханалық кабинеттерді көрдім. Осы зертханалық экскурсия кезінде мен студенттердің көптеген жұмыстарын көрдім. Бұл сабақта білім алған студенттер оларды практикада белсенді түрде қолданатынын көрсетеді. Ол дегеніміз университетте жұмыс күндері болу өте қызықты және өнімді.
Біз Кемерово сұлулығын көрдік: саябақтар, мұражайлар, жағалаулар. Қаланың сәулеті өте әдемі. Басқа қалаға келіп, басқа университетті көріп, басқа елдің адамдарымен танысып, адамның жан дүниесі жақсы жаққа қарай өзгереді деп айтуға болады.
Бұл жайлы қала маған өте ұнады,адамдар кез-келген сұрақтарда мейірімді болды. Менің ойымша, әрбір болашақ энергетик Кемеровоны көруі керек, себебі ол Ресейдің нағыз көмір ордасы болып саналады. Осымен менің оқиғаларым 2019 жылы аяқталмады. Кемерово қаласына сапар шегіп, одан керемет әсер алып, мен одан әрі куратордан басқа университетке баруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалар туралы сұрадым. Осылайша мен Ел ішіндегі үш университеттің бірінде бір семестр оқуға мүмкіндік берген бағдарлама туралы білдім. Бұл Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Орталық және Солтүстік Қазақстанның ірі аграрлық университеті, Нұр-сұлтан қаласының алғашқы жоғары оқу орны,Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті. Мен Алматыны таңдады, себебі мен сол жердің тумасымын. Оқу үрдісіне қатысты құжаттар мен басқа да мәселелерді рәсімдеуге байланысты барлық мәліметтерді факультет деканатынан нақтыладым. Бұған дейін, менің тәлімгерім қабылдаушы ЖОО-да өтетін курстардың келісімі бойынша жұмыс жүргізді.
2019 жылдың екінші жартысында Алматыда бір семестр бойы білім алдым.
ҚазҰАУ туралы қысқаша мәлімет. Мен 1996 жылы екі институтты Алматы зооветеринарлық және Қазақ ауыл шаруашылығы институтын біріктіру арқылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті (ҚазҰАУ) құрылғанын білдім, оған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2001 жылы ұлттық жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілді. Оқу орны Медеу ауданында, Абай даңғылы 8, ал инженерлік факультеттің № 6 оқу корпусы Н. Назарбаев көшесінің (бұрынғы Фурманов) және Қ. Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Жақын жерде Алматы қаласының әкімдігі, әкімдік ғимаратына қарама-қарсы Тәуелсіздік монументі орналасқан.
Бірінші күні "Энергия үнемдеу және автоматика" кафедрасының оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары Бейбітжан Жамалханұлы Нәлібаев мені оқытушы Аманжол Бектұрсынұлы Тоқмолдаевпен таныстырды. Содан кейін Мен оқып жүрген топтың старостасымен таныстым.
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Ишимбаевна Даулетова маған Сәтбаев көшесі 7 орналасқан № 1 студенттер үйінде тұру үшін орын берді. Одан әрі мен Наурызбай Батыр көшесі 125, № 4 студенттер үйінде тұрдым. Мен төлемді өз қаражаты есебінен төледім. Тұру ақысы айына 4000 теңгені ғана құрады. Мен өзімнің жатақханада тұру үшін және қосымша жеке шығындарымды алдын-ала қарастырып қойюыма байланысты, ешқандай қиындықтар туындаған жоқ.
ҚазҰАУ-да мен осындай пәндерді оқыдым, "Газбен жабдықтау", "Өндірістік желдету", "Электр қауіпсіздігі және еңбекті қорғау", "Экономикалық талдау және статистика", "Жылумен қамту жүйесін жобалау", "Жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің жылулық тіректерін пайдалану". Маған бес ай оқыған кафедраның оқытушылар құрамы өте ұнады. Олар әрқашан кеңестер берді, егер қиындықтар туындаса, бағдарлануға көмектесті. Мен өз кезегімде өзімді белсенді студент ретінде көрсетіп, сабақты жібермеуге, университетіміздің абыройын түсірмеуге тырыстым.
Мен толық оқыдым, базалық ЖОО-ға қайта оралғаннан кейін есептелетін толық семестрлік курстан өттім. Екі межелікті «өте жақсы» тапсырдым, содан кейін емтихандарға дайындықты бастадым. "Экономикалық талдау және статистикадан" басқа пәндер бойынша барлық емтихандар ауызша түрде өтті. "Экономикалық талдау және статистика" пәні бойынша емтихан жазбаша түрде дәріс залында өтті, онда біз басқа мамандықтар студенттерінің ағынымен бірге отырдық. Оқу семестрі аяқталғаннан кейін маған транскрипт (үлгерімі туралы академиялық анықтама) берілді. Бұл құжат базалық ЖОО-ға пәндердің өтілгендігін растау ретінде, қорытынды сынақтар мен емтихандардың нәтижесімен бағаны одан әрі қайта есептеу үшін ұсынылады.
Менің тобымдағы мейірімді және жауапты балалардың арқасында мен жаңа ортаға тез бейімделе алдым. Менің топтастарым өте қонақжай болып, Алматының және одан тыс жерлерінің барлығын көрсетуге тырысты. Біз БАО-ға бардық, Шымбұлақ сноубордында сырғанадық,бүкіл топпен пейнтболға, Республика сарайында өткен концертке және басқа да іс-шараларға бардық.
Бір жыл ішінде мен сыртқы (халықаралық) және ішкі (Ұлттық) академиялық ұтқырлықтан өттім. Мен осы саяхаттардан жақсы әсер алдым. Мен үшін академиялық ұтқырлық - дербес, коммуникабельді, бейімделген адам болу мүмкіндігі. Өз жайлылық аймағынан шығуға үйреніңіз. Жаңа нәрсе көріңіз және одан пайдасын алыңыз.
ИнЕУ баспасөз қызметі
Автор: Аяулым Атірбек
ЖЭ (қ)-301 тобының студенті
Автордың стилі сақталған.