» » ИнЕУ-ге Румынияның профессорлары келді
05 апреля 2019

ИнЕУ-ге Румынияның профессорлары келді

WhatsApp Image 2019-04-03 at 10.13.49 1«Бизнес, білім және құқық» кафедрасында  («Staff mobility for training») академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Румынияның профессорларының келуі


2019 жылдың 1 нен 5-ші  сәуіріне дейін "Бизнес, білім және басқару"  кафедрасына Румынияның Питешті қ. («Қызғалдақ қаласы») қауымдастырылған профессор Мария Даниэла,  Мариана мен Алина келді.
Университетімізде болудың негізгі мақсаты академиялық салада тәжірибе алмасу, оқу үдерісінде университет ынтымақтастығын ынталандыру және университет студенттеріне дәріс беру туралы талқылау болды.
 
WhatsApp Image 2019-04-03 at 10.16.01WhatsApp Image 2019-04-03 at 10.19.56
Алғашқы күндерден профессорлар «Capital budgeting», «Investment Project Evaluation and Selection Criteria», «Timevalueofmoney: compoundinganddiscountingprocesses» тақырыптары бойынша «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша кафедра студенттеріне ағылшын тілінде дәрістер өткізді. 
 
Бұдан басқа "Бизнес және басқару" кафедрасының  профессорлы-оқытушылық құрамымен таныстыру кездесуі өтті, онда Питешті университетінің тпрезентациясы өтті. Кафедраның студенттері мен оқытушылары шетелдік университеттермен, Еуропалық Одақтағы білім беру жүйесімен және халықаралық бағдарламаларға қатысу мәселелерімен байланысты мәселелер талқыланды. Павлодар қаласымен таныстыру үшін Румынияның профессорлары қалалық тур жасады.
 
WhatsApp Image 2019-04-03 at 09.10.31WhatsApp Image 2019-04-03 at 10.49.46
Кездесу қорытындысы бойынша оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуы, болашақта академиялық тәжірибе алмасуы және жаһандық білім беру саласындағы қазіргі тенденцияларды жақсырақ түсіну үшін бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.
 

"Бизнес және басқару" кафедрасының аға оқытушысы,

доценттің м.а., PhD докторы,

Дана Сайлауовна Бекниязова

ИнЕУ баспасөз қызметі