«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ - АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
24 қаңтарда №24 ЖОМ ММ-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Ұлттың мәдени кодын сақтау" бағытыс бойынша «Қазақ халқының ұлы - Абай Құнанбаев» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Мақсаты: Ұлы Абайдың әдеби мұрасын зерттеп дәріптеу арқылы оқушы, ата-ана, мұғалімдер көшбасшылығын дамыту.
Конференцияға №24 ЖОМ ММ-нің 1500 астам оқушысы, Павлодар қаласының мұғалімдері, Қазақстанның Eurasian Resources Group ERG Еуразия тобы қатысты. Құрметті қонақтар ретінде Павлодар қ. білім беру бөлімінің өкілдері, Оспанова Бахытжан Бегенбековна педагогика магистрі, «Абай жылы» жобасының жетекшісі, көрнекті ғалымдар: Маняпова Тина Кабылкасымовна - тренер, профессор, С.Торайғыров ат. ПМУ «Абай жылы» жобасының кеңесшісі, Имамбаева Гайша Ертаевна – ғылым докторы, филология профессоры, Сулейменова Асем Кималитденовна – ассоциациялық профессор, «Лингвистика» мамандығы бойынша доцент, ИнЕУ PHD докторы, Оразханова Майгуль Ирангиповна –вице – ПМПУ Гуманитарлық ғылымдардығ Жоғары мектептің деканы, доцент, БАҚ өкілдері шақырылды.
Пленарлық бөлімде мектеп директоры Рахимгожина Нургуль Шампатовна «Ұлы Абайдың мұрасы» баяндамасын, абайтанушы, ақын Даниял Асенов Сабырович «Ұлы Абайды ұлықтау - ұрпақ міндеті» баяндамасын оқыды. Баяндамашылар: республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Касымканова Раушан Кабиденовна мен оқушысы Көлтай Мақсат, «Абайдың қара сөздері» баяндамасымен С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеттің студенттері Сейсембаев Медет Серикулы мен Нежимединов Айдос Кайратулы, «Абай қоғам қайраткері» №24 ЖОМ ММ тарих мұғалімі Рахимжанова Рысты Нажмиденовна, «Абай жылы» жобасы – С.Торайғыров ат. ПМУ профессоры, тренер Маняпова Тина Кабылкасымовна.
Тәжірибелік бөлім: Қазақ және орыс мектептерінің оқушылар мен мұғалімдері қатысты.
Онлайн трансляцияға Шығыс Қазақстан облысының, Қызылорда, Семей, Қарағанды қалаларының мектептері, С.Торайғыров ат. ПМУ, Майтөбе ОМ, Аққулы ауданының Малыбай ЖОМ шықты.
Конференцияның соңында іс-шараның қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды:
«Қазақтың бас ақыны» - 2 - 4 сыныптары (қазақ мектебі):
1 орын – Жумажан Малика Артес Алуа 1 «А»
2 орын – Қасымқан Нұрғиса 2 «А»
3 орын – Гизатолла Марғұлан 2 «Б»
«Қазақтың бас ақыны» 2 - 4 сыныптар (орыс мектебі):
1 орын – Нығман Әлихан 2 «З»
2 орын – Аймуханов Маргулан 2 «Ж»
«Абайды оқы, таңырқа!» - 5 - 7 сыныптар (орыс мектебі):
1 орын – Якунина Дарья 5 «Д»
2 орын – Волокитина Юлия 5 «Г»
3 орын – Ермагамбетова Қарақат 6 «Е»
«Абайды оқы, таңырқа!» - 5 – 7сыныптар (қазақ мектебі):
1 орын – Мухадди Інжу,Каримова Жандия 5 «Б»
2 орын – Хадыр Мейрамбек 7 «Ә»
3 орын –Қайрбек Дина 5 «А»
«Әлем таныған Абай» - 8 - 9 сыныптар (аралас):
1 орын – Амангельдинова Алтынай 8 «Ә»
2 орын – Галимова Айымгүл, Ныгметова Айзада 9 «Ә»
3 орын –Ануарбеков Адиль 8 «Г»
«Абай жолы ұрпақтар жолы» - 10 - 11 сыныптар (аралас):
1 орын –Сагымбек Ақерқе 11 «В»
2 орын –Магмурова Айша, Оспанова Диляра 10 «Ә»
3 орын –Аденова Данель 10 «В»
«Қазақтың қос арысы, қос данасы» мұғалімдер арасында:
1 орын – Кабылова Айнур Сериковна
2 орын – Смаилов Рамиль Русланович
3 орын - Баймуранов Дуйсенбек Балтабаевич
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
bilim-pavlodar.gov.kz cайт материалы