Баденов Ескен Баденұлының жарқын естелігі » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Баденов Ескен Баденұлының жарқын естелігі
02 февраля 2023

Баденов Ескен Баденұлының жарқын естелігі

Бәденов Ескен Бәденұлы 83 жасында кенеттен қайтыс болды.Ол саналы және адал ғылым адамы болды.1999 жылдан бастап Павлодар университетінің химия кафедрасының оқытушысынан профессор, сырттай оқу факультетінің деканы қызметіне дейін еңбек етті.

 Ескен Бәденұлы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне орасан зор үлес қосты. Жұмыста ол еңбекқорлығымен, алға қойған мақсатына жете білуімен жоғары бағаланды, ал үйде қамқорлығымен, мейірімділігімен, төзімділігімен есте қалды.

Ескен Бәденұлы Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, халық ағарту ісінің құрметті қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты, КСРО Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті болды.

Көптеген ғылыми еңбектердің, монографиялардың авторы. Ескен Бәденұлы Мәскеу, Калуга, Курск сияқты қалаларда химия бойынша үш халықаралық конференцияның жұмысына қатысты, Алматыда өткен химиктердің ХI Менделеев съезінің делегаты болды.

Ескен Бәденұлының педагогикалық және ғылыми қызметінің мол тәжірибесі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де белгілі.

Ескен Бәденұлының түлектері бүгінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында, облыс пен республиканың химия өнеркәсібінде жауапты қызметтерде еңбек етіп жүрген жоғары білікті мамандар.

Ескен Бәденұлының есімі туған-туыстарының, достарының, әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Инновациялық Еуразия университетінің ұжымы Ескен Бәденұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Чат-бот