ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті!
09 декабря 2020

ИнЕУ-дің жаңа ректоры жұмысқа кірісті!

Байқау кеңесінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен Инновациялық Еуразия университетінің ректоры болып Никитин Евгений Борисович тағайындалды.


Никитин Евгений Борисович - ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринария профессоры, азық-түлік өнімдері технологиясының профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының академигі, Павлодар облысының инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі. Евгений Борисович ИнЕУ – де 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, Инновациялық Еуразия университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Инновациялық Еуразия университетінің инновациялық даму жөніндегі бірінші проректоры, экология, ветеринария және ауыл шаруашылығы оқу-ғылыми-өндірістік орталығының директоры, Инновациялық Еуразия университеті ректорының м.а. қызметін атқарды.

Инновациялық Еуразия университетінің ректоры қызметіне кірісуіңізге байланысты құттықтауымызды қабыл алыңыз. ИнЕУ ұжымы сіз әрқашан өз жауапкершілігіңізді басшылыққа алатындығыңызға, корпоративтік миссия мен мақсаттарды ұстанатындығыңызға, сондай-ақ Инновациялық Еуразия университетінің игілігі үшін барлық күш-жігеріңізді, жеке тәжірибеңіз бен таланттарыңызды жұмсайтындығыңызға сенімді.

ИнЕУ баспасөз қызметі