ИнЕУ Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы. » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы.
15 января 2020

ИнЕУ Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы.

2020 жылдың 14 қаңтарында Инновациялық Еуразия университетінің Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.


Қарастырылатын күн тәртібі аясында ақылы негізде оқитын 10 студент жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үдерісінде ИнЕУ-де босатылған білім беру гранттарын беруге арналған республикалық конкурсқа қатысуға ұсынылды.

Ректор Жетпісбаева Бақытгүл Асылбекқызы ғылыми кеңес мүшелеріне университеттің қызметін жоспарлы тексерудің аяқталғаны туралы хабарлады және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.01.2020 жылғы актісімен таныстырды.

Ғылыми кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоспары негізінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы әрекет ету бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ИнЕУ жоспарымен танысты.


ИнЕУ Ғылыми кеңесі

Чат-бот