ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
13 октября 2020

ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!

Біздің студенттер ұсынған «Alive plastic» стартапы ZhasCamp халықаралық жастар бейресми конференциясында жеңіске жетті. 


ИнЕУ-дің «Бизнес және басқару» кафедрасының 4 курс студенттері Патрушев Александр мен Еременко Иосиф және олардың жетекшісі доцент Беспалый Сергей Владимирович «Alive plastic» - қайта өңделген пластиктен қаптау материалдарын өндіру жобасын таныстырды. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша бұл жоба инвесторларға қаржыландыру және іске қосу үшін ұсынылатын болады.

Осы жылы ZhasCamp бейресми конференциясына қатысушылар 150-ден астам әлеуметтік бастаманы ұсынды. Сараптамалық қазылар алқасы жұмысты қарау үшін 42 жоба авторын таңдады, олардың 24 – і Хакатон-әзірлеушілер форумына қатысуға шақырылды, оның барысында қатысушылар қандай да бір мәселені шешу үшін бірлесіп жұмыс істейді.

Менторлармен және сарапшылармен белсенді жұмыс істеу кезінде Хакатон қатысушылары өз жобаларын іске асыру және дамыту жоспарларын жасады, сондай-ақ ең аз жұмыс өнімін жасауға жақындады.

Патрушев Александр мен Еременко Иосифқа және олардың жетекшісі доцент С.В. Беспалыйға жобаның сәтті жүзеге тілейміз!

ИнЕУ баспасөз қызметі

(«Бизнес және басқару» кафедрасының доценті С. В. Беспалыйдың ақпараты бойынша)