ИнЕУ оқытушысы-балық аулау бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ оқытушысы-балық аулау бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы!
13 декабря 2019

ИнЕУ оқытушысы-балық аулау бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы!

4-8 желтоқсан аралығында Қарағандыда неміс тоғандарында мұз астына балық аулау бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.


Жарысқа Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Петропавл, Павлодар және Екібастұз қалаларынан 14 команда қатысты. Кезекті рет Қазақстанның бес дүркін чемпионы, ҚР спорт шебері, ИнЕУ-дің "Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы Павел Логвиненко Павлодар қаласының құрама сапында жеңіске жетті. Екінші орында-турнир иелері Қарағанды, үшінші орында-Алматы. ҚР кубогындағы жеңіс біздің қызметкерге 2020 жылдың ақпан айында Литвада өтетін әлем чемпионатына жолдама әкелді.


"Өндірістік инжиниринг және дизайн" кафедрасы