Қазақстан ең маңызды күндердің бірін атап өтуде » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстан ең маңызды күндердің бірін атап өтуде
10 августа 2022

Қазақстан ең маңызды күндердің бірін атап өтуде

Қазақстан ең маңызды күндердің бірін атап өтуде: қазақ даласының ұлы перзенті, ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 177 жыл.

Абайдың әдебиетке ғана емес, қазақ халқының ағарту ісіне сіңірген еңбегі зор.

Ол қазақ халқының болашағына шын көңілден толғанып, мәселелеріне бей-жай қарамады.

Оның өлеңдерінде, әндерінде, тәлім-тәрбиелік сөздерінде ұлттық бояу көрінеді, халықтың тұрмыс-тіршілігі, ұлт рухы айқын сезіледі. Классиктің шығармалары өзге елдердің тілдеріне де аударылған.

Павлодарда Абай күні кең көлемде тойлануда. Түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылып, көптеген шаралар жалғасын табуда. Бұл өскелең ұрпақтың рухани дамуына қосылған маңызды үлес!

Мереке құтты болсын!