Абай Құнанбаев - біздің өткеніміз және болашағымыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Абай Құнанбаев - біздің өткеніміз және болашағымыз!
19 апреля 2020

Абай Құнанбаев - біздің өткеніміз және болашағымыз!

Рухани мұра Абайдың мұрасынан басталуы тиіс.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында қашықтықтан оқыту жағдайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өткізілді.


Іс-шараның мақсаты: жоғары патриоттық сезімді және өз Отаны үшін мақтанышты  қалыптастыру, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен етене танысу.

Біз үшін Абай Құнанбаев - ақын, ағартушы, ойшыл, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор. Оның өлеңдері мен «Қара сөздерінде» қазақтардың өмір салты: болмысы, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, менталитеті бейнеленген.

Кафедра студенттері Абай Құнанбаевтың 45 еңбектерінің ішінен «Қара сөздерін» қызу талқыға салды.

Студенттер карантин жағдайында қазақ ақынының шығармашылық жолы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінділер оқып, ақынның шығармашылығы туралы, қазіргі заманның сол заманда Абайды толғандырған мәселелер туралы пікір алмасты. Іс-шара соңында оқытушылар сөз сөйлеп, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына тәнті болып, осы шараны дайындаған студенттерге алғысын білдірді.

   

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздеріміз көп болғай.

 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Авторлары: «Ауыл шаруашылығы және биоресурстары» кафедрасының аға оқытушылары
Эннс Елена Михайловна, Омарова Аккенже Бердихановна

Чат-бот