Абай – дана, Абай – дара қазақта! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Абай – дана, Абай – дара қазақта!
20 сентября 2019

Абай – дана, Абай – дара қазақта!

Қыркүйектің он сегізі №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты жыр галереясы өтті.


Кеште кітапхананың тұрақты оқырмандарының видеоға ұлы тұлғаның бір шығармасын оқыған үзінділері таныстырылды. Қалалық, облыстық Абай оқуларының жеңімпаздары, жоғарғы оқу орнының студенттері мен мектеп оқушылары бүгінгі мерекенің куәгерлері болды. Абай атамыздың әндері орындалып, өлеңдері оқылып, өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетілді. Аталмыш шара жоғары деңгейде өтіп, біз өзімізге рухани-әдеби азық алдық.



Жансая Серикова
«Филология және журналистика»
кафедрасының ҚтӘ-101 тобының студенті