«Рухани жаңғыру» идеяларының сырын ұғыну арқылы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » «Рухани жаңғыру» идеяларының сырын ұғыну арқылы
24 апреля 2020

«Рухани жаңғыру» идеяларының сырын ұғыну арқылы

Инновациялық Еуразия университеті «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған «Ертістің Павлодар өңірі - Павлодарское Прииртышье» оnline - викторинасын өткізеді.


Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы білмейтін немесе естімейтін адамды табу қиынға соғады. Адам өзінің білген пәніне өзінің көзқарасын белгілі бір түрде көрсетуі тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты эмоциялық реакциялардың бірқалыпты еместігін, осы идеяға деген қарым-қатынастардың қарама-қайшылығын, кейде қарама-қайшы пікірлерді батыл бекітуге болады: егер біреу мұны ашық профанация деп санаса, басқалары кіші бағдарламалар мен жобаларды іс жүзінде іске асыруға барынша елеулі түрде қатысады. Жалпы, эмоциялар, қарым-қатынастар өте бай. Бұл біздің ойымызша, әрбір адамның жеке құндылықтары жүйесімен, оның ішкі әлемімен, оның сенімі мен үміті күшімен, оң немесе теріс көңіл-күймен және т. б. байланысты.

Сондықтан нақты күнделікті ахуалда біз көптеген басшылардың өздерінің тұрақты жұмыстарын (фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б.) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс ретінде беруге деген ашық талпыныстарын жиі байқаймыз. Бұл «Құлақтан тартудан» басқа, қызығушылықтары бір ортаға есесптелген, бір жолғы іс-шаралар екендігіне ерекше назар аударамыз. Әрине, бұл жалпы тәжірибе деп айтуға болмайды: терең, ойластырылған жобалар да бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына үш жыл болды. Аз мерзім емес, сондықтан Бағдарламаға бүгінгі күннің биіктігінен қарауға негіз бар, біраз тоқтап, қарау және одан кейінгі әрекеттерді ойластыру. Бұл ретте одан әрі қай бағыт бойынша -ұлттық мәдениетті сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениетті қоғам жолымен бе, немесе барлық жаңалықтарды қуымның пайдасына жоққа шығара отырып, ұлттық сана-сезімді дамыту жолымен қозғалу керектігін өзіміз үшін шешу маңызды. Бірінші нұсқа ойға қонымды болар деп ойлаймыз. Және өз жолымызды бағдарламалық идеяларды тұжырымдамалық, тұтас түсінуден бастау керек. Егер осы ұстанымдардан келетін болсақ, онда бағдарламаның мәнін үш өлшемде көрсетуге болады: сабақтастық, жүйелілік, кешенділік.

Біріншісі - сабақтастық - Бағдарлама «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің логикалық және сапалы жаңа жалғасы болып табылады, яғни «Рухани жаңғыру» идеясы -бұл соқыр кездейсоқтықтың немесе қызу қиялының жемісі емес, дұрыс мағына тудырудың белгісі. Оның үстіне, қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың осы озық идеясы кейіннен мәдени кодты сақтау және дамыту бағдарламасымен нығайтылады. Әңгіме «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы туралы болып отыр. Біз Қазақстан қоғамының авангардтық немесе консервативтік бөлігіне қарай саяси реверанстарды емес, қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап беруге тырысамыз, оларды қысқаша баяндауға болады: бүгінде әлемге тек білетін ғана емес, сондай ақ шығармашылық және позитивті ойлауға, жасампаздық үшін әрекет етуге, өзін-өзі дамытуға және өзінше үйренуге қабілетті адамдар қажет.

Екінші өлшем - жүйелілік – «Рухани жаңғыру» бағдарламасында екі бөлімнің бар екендігін көрсетеді: теориялық және практикалық. Олардың біріншісі қоғамдық сананы жаңғыртудың алты принципін жариялайды: Бәсекеге қабілеттілік. Прагматизм. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білімге табыну. Қазақстанның революциялық дамуы емес, эволюциялық дамуы. Сананың ашықтығы. Бұл қағидаттар Қазақстанның рухани жаңғыруы үшін дәл қазір Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өзекті. Басқа уақытта басқа қағидаттар қажет. Салыстыру үшін: XIII ғасырда Сұлтан Бейбарыс әскердің ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, Египетті қуатты державаға айналдырды.

Алты әлеуметтік жобадан тұратын бағдарламаның практикалық бөлігі (Қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туғанжер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы») тұжырымдамалық блоктың логикалық жалғасы болып табылады.

Одан кейін, ақырғы, үшінші өлшем - кешенділік. Бағдарлама 4 кіші бағдарламаның, 6 арнайы және 10-нан астам базалық жобалардың логикалық жиынтығын білдіреді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін дәл осылай түсіне отырып, Инновациялық Еуразия университетінде оның құндылықтық ұстанымдарын алға жылжыту мақсатын Біз, университетіміздің білім алушылары мен қызметкерлерін қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіне тарту үшін қажетті жағдайлар жасау қажет екенін көреміз.

Дегенмен, біріншіден, ұзақ мерзімді жобаларға артықшылық беру керек деп санаймыз, алайда бұл студенттердің бос уақытын жандандыратын бір жолғы сипаттағы дәстүрлі іс-шаралардан толық бас тартуды білдірмейді; екіншіден, сыртқы нарыққа шығу арқылы университеттік ортаны кеңейту, бұл университеттің ірі іс-шараларын жүзеге асыруға біздің сыртқы стейкхолдерлеріміздің ең кең ауқымын тартатын боламыз дегенді білдіреді; үшіншіден, қатаң оқу үдерісі мен студенттер мен оқытушылардың зерттеу әлеуетінің барлық әлеуетті мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек. Осының барлығы Инновациялық Еуразия университетінде «Рухани жаңғыру» құндылықтарын алға жылжыту Концепциясын әзірлеу және қабылдау үшін бастапқы позицияға айналды.

Осы тұжырымдамаға сәйкес университетте бірнеше жоба жүзеге асырылды. Тағы бір жоба ретінде біз «Ертістің Павлодар өңірі-Павлодарское Прииртышье» онлайн - викторинасын ұсынамыз:
⦁ Павлодар облысының барлық тұрғындары мен қонақтарына 13 жастан бастап зейнеткерлік жасына дейін, олардың тұрған/тұратын жеріне, қызмет түріне және т. б. қарамастан қол жетімді.;
⦁ қатысушыларға сұрақтарға жауап беруге және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді;
⦁ барлық қатысушыларға бірінші кезеңде өз нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді (бірінші турдың сұрақтарына жауап беруге екінші рет әрекет беріледі);
⦁ қазылар алқасының құрамына Қазақстан тарихы, география, филология және педагогика бойынша сарапшылар кіреді, олар қатысушылардың жауаптарын әзірленген және ашық жарияланған өлшемдер бойынша бағалайды.

Осы орайда, викторинаның мазмұны мен ұйымдастырылуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәніне толық көлемде жауап беретіні маңызды, өйткені ол өз мәдениетін сақтауға және сонымен бірге тарихи процесс шеңберінде мәдени кодты жаңғыртуға бағытталған, өзінің кіші Отанын тану идеяларына сәйкес келеді.

Біз өз Отанының тарихы мен географиясын білгісі келетіндердің барлығын викторинаға қатысуға, оның экологиялық мәселелерін шешуге көмектесуге, өз өлкеміздің өмірін жақсартудағы өзінің жеке рөлі туралы ойлануға шақырамыз. Викторинаны өткізу форматы қазіргі таңда барлық қазақстандық қоғамдастық тап болған шарттарға барынша сәйкес келеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, викторинаның екінші және үшінші турларының тапсырмалары қатысушылар оларды өз отбасы мүшелерімен бірге талқылауына бағытталған. Дәл қазіргі карантин жағдайында балалар мен ата-аналардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың, немерелер мен аға ата-аналардың өзара қарым-қатынасының құндылығын қайта пайымдауға және күшейтуге нақты мүмкіндік бар. Бұл біздің викторинаның «Рухани жаңғыру» идеяларымен байланысын көрсететін, ерекшеліктерінің бірі.


Сырымбетова Ляйля Сарқытқызы,
Инновациялық Еуразия университетінің бірінші проректоры

Чат-бот