Академиялық ұтқырлық іс жүзінде! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Академиялық ұтқырлық іс жүзінде!
12 февраля 2021

Академиялық ұтқырлық іс жүзінде!

Торайғыров университетінің студенттері Инновациялық Еуразия университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Энергетика, металлургия және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Өмірзақова Анар Даукенқызы «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Торайғыров университетінің студенттеріне сабақ өткізді. Оқыту «Электр энергетикасындағы математикалық есептер және компьютерлік моделдеу» пәні бойынша өтті.

Оқыту ZOOM платформасының көмегімен қашықтықтан жүзеге асырылғанына қарамастан, студенттер белсенді түрде өздерін көрсетті, көптеген сұрақтар қойды және талқылауға қатысты. Сабақ қызықты және танымды өтті.

  

Академиялық ұтқырлық-таңдаған дайындық бағыты бойынша жаңа тәжірибе мен білім алуға, жан-жақты білім алуға, сондай-ақ болашақта өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тамаша мүмкіндік.

ИнЕУ баспасөз қызметі