Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат
17 декабря 2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат

2020 жылдың 16 желтоқсанында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасында ZOOM платформасында студенттерге арналған жалпы кураторлық сағат өтті.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін басты мемлекеттік мереке. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтеді: 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ мереке қарсаңында «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының оқытушылары Бейсембай А.Ж., Мұратқызы А., Тулеубаева А. Т., Жумадилова А. С. онлайн форматта студенттермен жалпы кураторлық сағат өткізді. Оқытушылар Қазақстан Республикасының қалыптасуының тарихи алғышарттары мен Тәуелсіздік жолдары туралы презентация мен бейнеролик ұсынды.

  

  

Оқытушыларға қызықты және танымдық кураторлық сағаты үшін, сондай-ақ студенттерге осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз.

ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының оқытушысы
А. С. Жумадилованың ақпараты бойынша)