Дебюттік жеңісімен! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Дебюттік жеңісімен!
14 июня 2020

Дебюттік жеңісімен!

Инновациялық Еуразия университетінің ФКиС-202 тобының студенті, қазақстандық аралас жекпе-жек жауынгері Мария Агапова UFC-дегі дебюттік кездесуде жеңіске жетті.


Мария-UFC аралас жекпе-жектердің ең беделді ұйымында дебют жасаған Қазақстанның алғашқы азаматы. Оның алғашқы жекпе-жегі Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде өтті. Спортшының қарсыласы американдық Ханна Сайферс болды. Кездесу бірінші раундта Мария тұншықтыру әдісін қолданғаннан кейін аяқталды. 

Ұрыс (жекпе-жек) бейнелерін ИнЕУ-дің Instagram-дағы ресми бетінде көре аласыз.

Мария Агапова үшін бұл жеңіс кәсіби мансапта тоғызыншы және UFC-де бірінші болды.

Естеріңізге сала кетейік, Марияның өмірбаяны басынан бері кинофильмге ұқсайды. Ол өз жолын Павлодар қаласындағы «Ахмат» ПСК клубынан бастады, онда ММА бойынша әлем чемпионы және халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттардың жүлдегері атанды.
Біраз уақыттан кейін ол АҚШ-қа ұшып кетті, онда UFC-ге кіруге сәтсіз әрекет жасағанын жария етті. Одан әрі оған мансапта алға жылжу үшін көмек көрсетілді. Ол Майамиде қалды, American Top Team залында жаттығуды жалғастырды, Invicta FC-да екі жекпе-жекті жеңіп, UFC-пен келісім-шарт алды.

Марияны лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері

ИнЕУ баспасөз қызметі

vesti.kz сайт материалдары бойынша