Дарынды спортшылар нысанаға дәл тигізді! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Дарынды спортшылар нысанаға дәл тигізді!
01 апреля 2020

Дарынды спортшылар нысанаға дәл тигізді!

Сіздерді ДШжС-202 тобының дарынды шәкірті, хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Юсуп Асуханов туралы бейнематериал көруге шақырамыз.


Еске салайық, бірнеше ай бұрын спортшы Чехияда өткен хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ойнап, финдермен болған ойын нәтижесі бойынша үздік ойыншы деп танылған болатын.
Сондай-ақ, шабуылшы Юсуп Асуханов бір маусымда 20 ұпайдан өтіп, «Барыстардың» ең үздік алты голының бірі болды.

«Юсуп Асуханов өте қарапайым, әдепті, ақылды, мақсатты жас және ішкі өзегі бар жас. Ол әрқашан команда үшін өзін құрбан етуге дайын. Нағыз батыр!» - дейді «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Сергеева Валерия Викторовна.
Хоккейдегі шабуылшы үшін басты мақсат - қақпа, ал студент үшін - білім алуға, оны іс жүзінде қолдануға және жаңа биіктерге жетуге көмектесетін университетті дұрыс таңдау.
«Мен дұрыс мақсат таңдадым - ИнЕУ-де сапалы білім алу!» - дейді Юсуп.




ИнЕУ-дің баспасөз қызметі
«Спорт және дене шынықтыру» кафедрасы меңгерушісінің ақпараты бойынша
Валерия Викторовна Сергеева
Дереккөз: https://www.instagram.com/barys_wizards/