2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру » Инновациялық Еуразия Университеті
» » 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
20 октября 2023

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан
әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым
бағыттары:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
– Энергия, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологтялық қауіпсіздік және мамандырылған ғылыми
бағыттар бойынша 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға
конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық
жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі нөмерлері
207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс
уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға
дейін.
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға
қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-19-18, 74-25-88, 74-19-04, 74-20-29; қаржылық
сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден
18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған
конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ
ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың
басталуы – 2023 жылғы 23 қазан.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 23 қараша (қоса алғанда).


Қосымша (Конкурстық құжаттамасы)