» » 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
12 ноября 2021

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  – ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  • Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
  • Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
  • Энергетика және машина жасау;
  • Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым;
  • Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
  • Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
  • Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53 (8-702-999-76-63 ватсап), заңға қатысты сұрақтар бойынша, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 15 қараша.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 15 желтоқсан        (қоса алғанда).
Конкурстық құжаттама