Жеңісіңмен құттықтаймыз! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жеңісіңмен құттықтаймыз!
14 мая 2021

Жеңісіңмен құттықтаймыз!

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының, АТТ-301 тобының студенті Нұрайым Мұхамеджан АӨК студенттерінің облыстық «Úzdik Maman» байқауында 2 орын алды.


«Úzdik Maman» байқауына Павлодар облысының түкпір-түкпірінен агроөнеркәсіптік мамандықтарының 45 студенті қатысты.

Байқауды Павлодар облысының Жастар бастамаларын дамыту орталығы өткізді. Мақсаты-ауыл шаруашылығы саласы студенттерінің кәсіби шеберлігін және олардың кәсібінің беделін арттыру.

Конкурс онлайн өтіп, 3 кезеңнен тұрды: бейнеролик-визитка, теориялық білім тесті және АӨК саласындағы ғылыми-зерттеу жобасының тұсаукесері.

Нұрайым Мұхамеджан мен оның басшысы Ақкенже Омарованы жоғары бағалаумен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

  

ИнЕУ баспасөз қызметі