ХАБАРЛАНДЫРУ » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ХАБАРЛАНДЫРУ
07 ноября 2020

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

2020 жылдың 1 қарашасынан бастап Инновациялық Еуразия университетінің, Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің және Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің студенттері арасында үздік ғылыми жұмыс конкурсына өтінімдер қабылдау басталады. (ИнЕУ консорциумы)

Конкурсқа құжаттар ректордың 2020 жылғы 19 қазандағы №1542-02/227 бұйрығымен бекітілген «Инновациялық Еуразия университеті» ғылыми-білім беру консорциумының студенттері арасындағы үздік ғылыми жұмыс конкурсы туралы Ережеге сәйкес ұсынылады.

Ғылыми жұмыс және ілеспе құжаттар электрондық жеткізгіште (CD дискіде немесе USB-флэш-жинақтаушыда) ұсынылады не тиісті ғылыми бағыттағы конкурс комиссиясының хатшысына электрондық пошта арқылы жіберіледі:

  • Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары (E-mail: conkurs02e@ineu.kz, хатшы - А.С. Акижаева, «Қоршаған орта және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы»);
  • Гуманитарлық, педагогикалық және психологиялық ғылымдар (E-mail: conkurs03g@ineu.kz, хатшы - А.Т. Ташимова «Әлеуметтік-гуманитарлық білім және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы»);
  • Қоғамдық ғылымдар (E-mail: conkurs04s@ineu.kz, хатшы - Ж.Ж. Талипова, оқытушы, заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» кафедрасы»);
  • Техникалық, инженерлік ғылымдар және технологиялар (E-mail: conkurs01t@ineu.kz, хатшы - С.Н. Кожиков, «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы»)

Жұмыстарды Конкурсқа ұсынудың соңғы күні-2020 жылғы 30 қараша.

Барлық сұрақтар бойынша ИнЕУ ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөліміне 8(7182) 31-64-83 телефоны арқылы хабарласуға болады.

ИнЕУ баспасөз қызметі