Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендия конкурстары туралы » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендия конкурстары туралы
07 сентября 2020

Жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және мемлекеттік ғылыми стипендия конкурстары туралы


«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысына, «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына, «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсын жариялайды:

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов  атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);

– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш);

– түркология саласындағы аса зор жетістіктер үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық (300 айлық есептiк көрсеткiш);

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш);

– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш);

– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған (ай сайын 12 ай ішінде 24 айлық есептік көрсеткіш).

Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап  30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) (http://gov4c.kz) сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады.

Қосымша 1

Қосымша 2

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі: gov.kz
Чат-бот