KAZENERGY-ден грант алыңыз » Инновациялық Еуразия Университеті
» » KAZENERGY-ден грант алыңыз
02 августа 2024

KAZENERGY-ден грант алыңыз

Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен білім беру гранттары


Кім қатыса алады?
- Жалпы білім беретін мектептердің түлектері (шағын жинақты мектептерді, гимназияларды, лицейлерді, бейінді мектептерді қоса алғанда).
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар (негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім базасындағы училищелер, колледждер, жоғары колледждер).
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарының студенттері (Ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген ұйымдар).


Өтінім беру мерзімі:
2024-2025 оқу жылына арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 20 шілдеден 2024 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.


Қалай өтініш беруге болады?
Электрондық өтінімді сайтта толтыру қажет grant.kazenergy.com көрсетілген мерзімде.

Чат-бот