Ректордың сөзі
» » Ректордың сөзі

Ректордың сөзі

  Құрметті серіктестер!

Жоғары технологиялар заманының талаптарына сай біздің ЖОО экономиканың әртүрлі салалары үшін біліктілігі жоғары мамандарды шығарып, тұрақты дамуға және мемлекеттік әрі әлемдік экономика кеңістігіне кірігуге талпынады.

Жақсы, сауатты ұйымдастырылған тәжірибемен бекітілген теориялық негіз біздің түлектеріміздің баға жетпес білім қоры болып табылады. Студенттер кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде кәсіби тәжірибеден, тағылымдамадан өткен кезде, ғылыми-зерттеу және шаруашылық шарттағы жобаларды орындағанда ұйымдастырушылық жұмысқа машықтанып, талдауға, өздігінен маңызды шешімдер қабылдауға, ұжымда жұмыс істеуге үйренеді. 

Инновациялық Еуразия университеті бүгінгі таңда отандық және шетелдік жетекші кәсіпорындармен және мекемелермен табысты ынтымақтастықта. Осындай тығыз байланыс университеттің де, Павлодар аймағының және жалпы Қазақстан Республикасы экономикасының да дамуының негізі болып табылады. 

Елімізге кәсіби кадрларды сапалы даярлауда үлкен көмек көрсетіп, қолдау жасап келе жатқан бірлескен серіктестерімізге алғысымыз шексіз. Сонымен қатар біз ынтымақтастықтың жаңа ұсыныстарына дайынбыз және инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды бірлесіп даярлауға қызығушылық танытатындарды қуана қарсы аламыз.


Инновациялық Еуразия университетінің ректоры,
педагогика ғылымдарының кандидаты Мусабекова Гульвира Айдархановна

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер

Чат-бот