Инновациялық Еуразия университеті жанында Студенттер үйі жұмыс істейді, онда аз қамтылған отбасылары, Павлодар облысы әкімі грантының иегерлері қатарынан ЖОО және колледж студенттері және Қазақстанның басқа облыстарынан келген студенттер тұрады.
Университет пен Студенттер кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.
Студенттер үйінен орын бір оқу жылы мерзіміне тек күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне ғана беріледі.
ИнЕУ «Студенттер үйінің» ішкі тәртіп ережелері, 18.06.2020
Жатақханада тұратындар мен қызметшілер жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ сақтаулары керек. Осы Ереженің тармақтарын бұзғаны үшін студентке төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жатақханадан шығару. Жатақханада тұратын университет қызметкерлерінің тәртіп бұзушылықтарын ЖОО ректоры қарастырады. Ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын жатақхана коменданты және студенттік кеңес бақылайды. Студенттер үйінде тұрған және қоғамдық тәртіпті немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін шығарылған студенттерді жатақханаға екінші рет орналастырмайды.
Жатақханадан орын ұсынуға өтінімді студенттерге қызмет көрсету орталығының сайты арқылы мына сілтеме бойынша бере аласыз.
Құжаттар тізімі
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақханадан орын беру туралы өтініш
- екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не балалар үйінен анықтама (бар болса)
- оралман куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда)
- отбасында 4 және одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылар үшін)
- мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда)
- жеке куәлік көшірмесі
Мемлекеттік қызмет стандарты
Өтінімдерді автоматты түрде қалыптастырғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы осы тізімді конкурстық комиссияның отырысына ұсынады. Конкурстық комиссия шешімінің нәтижесі бойынша ИнЕУ сайты арқылы өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық мекенжайларға жіберу арқылы студенттерді хабардар ету жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығында және 2019 жылғы 15 қарашадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта белгіленген тәртіппен негіздер мен кезектілікті ескере отырып, ИнЕУ студенттер үйлеріндегі орындарды бөледі.
Бірінші басымды кезекте тұрғандар:
- мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;
- бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалар;
- жетім балалар;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балалар;
Екінші басымды кезекте тұратын білім алушылар:
- бірінші курсқа қабылданғандар;
- «Алтын белгі» иегерлері;
- Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификаты бар;
- оқу орнын үздік бітірген талапкерлер білімі туралы растайтын құжатпен (куәлік, аттестат, диплом);
Үшінші басым кезекте әлеуметтік жағынан осал отбасылардан білім алушылар (көп балалы, табысы төмен адамдар);
Төртінші басым кезекте «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін – 2050») бағдарламасы шеңберіндегі білім алушылар тұр;
Бесінші басымдылық кезекте басқа қаладан келген студенттер;
Алтыншы басым кезекте: мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе ИнЕУ өткізген тестілеу нысанында жоғары балл алған білім алушылар болады. Бұл ретте ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері арасында басым орналасу жүзеге асырылады;
Жетінші басым кезекте: оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс оқушыларының ішінен білім алушылар.
Білім алушылар қатарындағы шетелдіктер халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес студенттер үйінде орындармен қамтамасыз етіледі.
Студенттер үйіне орналасу кезінде комендантқа ұсынылатын құжаттар тізімі:
- медициналық анықтама (086У нысаны));
- облыстық психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- облыстық наркологиялық диспансерден анықтама;
- флюорография;
- жеке куәлігінің көшірмесі.
Студенттерді Студенттер Үйіне орналастыру үшін құжаттарды қабылдау ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жатақханадағы орындар туралы өзекті ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді