ИнЕУ студенттер үйі тексеруден сәтті өтті! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ студенттер үйі тексеруден сәтті өтті!
26 октября 2020

ИнЕУ студенттер үйі тексеруден сәтті өтті!

ИнЕУ студенттерінің үйі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар мониторингінің қорытындысы бойынша «өте жақсы» бағасын алды.


Зерттеуді республика көлемінде құрамына «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және қалалық мәслихаттардың депутаттары кіретін мониторингтік топтар жүргізеді. Тексеру мақсаты-жатақханалардағы студенттердің өмір сүру сапасын арттыру.

Аралау барысында тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар, жатақхананың жай-күйі, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі бағаланды.

ИнЕУ Студенттер үйінің дайындығын ИнЕУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер басқармасының басшысы Шынболат Ташеков таныстырды.

Комиссия Студенттер үйінің жақсы жағдайын және оның карантиннен кейін тұрғындарды қабылдауға толық дайындығын атап өтті.

ИнЕУ баспасөз қызметі

ИнЕУ туралы көбірек біліңіз:
  • ИнЕУ IQAA-Ranking Қазақстан жоғары оқу орындарының рейтингісінде
  • ИнЕУ студенттік жеңістер шежіресі
  • ИнЕУ «Атамекен» рейтингінде
  • ИнЕУ туралы серіктестердің пікірлері

Чат-бот