» » ИнЕУ Өскемен қаласында инклюзивті білім курстарын өткізді
02 апреля 2019

ИнЕУ Өскемен қаласында инклюзивті білім курстарын өткізді

PHOTO-2019-04-01-17-53-34Инновациялық Еуразия университетінің Оқытушылардың біліктіліңін арттыру орталығының директоры Майжан Шакарманова Пшембаевна Өскемен қаласында инклюзивті білім курстарын өткізді.


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

PHOTO-2019-04-01-17-53-31 PHOTO-2019-04-01-18-30-07 
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа және толеранттылыққа тәрбиелей аламыз.

Курстың тақырыбы «Жаңартылған білім беру мазмүны жағдайындағы инклюзивтік теория және практика: жай-күйі, проблемалары, перспективасы»болды.

Шығыс  Қазақстан облысы білім басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ ниет» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, № 21 арнайы мектеп, Балалар реабилитациялық орталығы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша интернаттық қйымның мұғалімдері, тәрбиешілері қатысты.

Осы мақсатты көздей отырып біз қазіргі таңда көкейкесті болып отырған жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті білім берудің жай күйі жайында курстар, семинарлар өткізудеміз. 

ИнЕУ-дің баспасөз қызметі

Чат-бот