ИнЕУ студенттері жеңіске жете алады!
ИнЕУ «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының студенттері «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында астаналық Тұран-Астана Университеті кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығымен және Gala Global Group компаниялар тобымен бірлесіп өткізген «Мы мир храним, пока мы помним о войне» халықаралық көркем аударма байқауында 2 жүлделі орынға ие болды.
Үздік аудармашы атағына арналған конкурсқа Инновациялық Еуразия университетінің студенттерінен басқа Тұран-Астана университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы университеттің, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері қатысты.
«Мы мир храним, пока мы помним о войне» байқауы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Қатысушылар алдында Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасымыз» шығармасынан үзіндіні ағылшын тіліне аудару міндеті қойылды.
«Публицистика» номинациясы бойынша үздіктер арасында біздің студенттер Ангелина Шандер мен Полина Бузунованың жұмыстары атап өтілді. Беделді байқауға студенттерді дайындағаны үшін ИнЕУ «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Камар Каримова мен оқытушы Айнагүл Каббасоваға ұйымдастырушылар ерекше алғыс білдірді. Студенттер II дәрежелі құрмет дипломдарымен, ал оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Университет ректораты байқау жеңімпаздары мен лауреаттарын олардың нәтижелерін жоғары бағалануымен құттықтайды.
ИнЕУ баспасөз қызметі
(«Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы
Марал Айтмағамбетованың ақпараты бойынша)