Конкурс на соискание премий в области науки
Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысының 15-тармағы 148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды.
Сыйлықтар
Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген:
• жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
• гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
• педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
• түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
• жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
• гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық;
• 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Порядок проведения
Конкурс өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:
• «Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарын» бекіту туралы бұйрығы
Өтініш беру
Өтініш беру электрондық форматта Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі арқылы жүзеге асырылады.
Необходимые документы
Сыйлықтарға ұсынылатын құжаттар:
• Монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер (бестен аспайтын);
• Жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);
• Консультативтік-кеңесші орган отырысының хаттамасынан үзінді;
• Негізгі қызмет орнынан анықтама;
• Ғылыми қызметтің қысқаша сипаттамасы;
• Жұмыстың бұрын сыйлыққа ие болмағаны туралы анықтама;
• Енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
• Қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Мемлекеттік ғылыми стипендияларға ұсынылатын құжаттар:
• Уәжді қолдаухат;
• Жұмыс орнынан анықтама;
• Соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі (бестен аспайтын);
• Енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);
• Қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.
Байланыс үшін:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:
Телефоны: +7 (727) 364 – 76 – 48, +7 (775) 820 – 99 – 05, +7 (707) 900 – 32 – 01, +7 (775) 959 – 62 – 64
Техникалық қолдау: +7 (7172) 73 50 89