ИнЕУ түлектері жеңіске жете алады! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ түлектері жеңіске жете алады!
06 октября 2020

ИнЕУ түлектері жеңіске жете алады!

ИнЕУ түлегі, «Спорт және дене шынықтыру» кафедрасының оқытушысы Фаниль Рафиков Ақтау қаласында өткен аралас жекпе-жек бойынша «Naiza FC 24» турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті.

 


Үш раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта аяқталды, ол кезде Фаниль Рафиков қарсыласын тұншықтыру тәсілі арқылы жеңді.

Фаниль Рафиков - MMA бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша Еуразия чемпионы, ММА бойынша Азия чемпионы, жауынгерлік самбодан Еуразия чемпионатының күміс жүлдегері.

Университет ректоры Бақытгүл Жетпісбаева жеке өзі және ИнЕУ ұжымы Фаниль Фархатовичті турнирде табысты өнер көрсетуімен құттықтап, жаңа жеңістер тілейді.

ИнЕУ баспасөз қызметі