ИнЕУ өзіндік үлгідегі дипломдар » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ өзіндік үлгідегі дипломдар

ИнЕУ өзіндік үлгідегі дипломдар

Инновациялық Еуразия университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар

 

  1. Инновациялық Еуразия университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшаларында:

1) ИнЕУ атауы;

2) бітірушілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

3) білім беру бағдарламасының (мамандықтың) кодын және атауы;

4) берілетін дәреже;

5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса);

6) оқыту нысаны;

7) ИнЕУ басшысының қолдары;

8) реттік тіркеу нөмірі;

9) берілген күнін және орны (қала);

10) ИнЕУ  мөрі болады.

  1. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда институционалдық аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттігінің логотипі және (немесе) атауы орналастырылады.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшада білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері және (немесе) орналастырылады.

  1. Педагогикалық қайта даярлау туралы сертификаттарда:

1) ИнЕУ атауы;

2) тындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

3) кредиттердің саны;

4) ИнЕУ басшысының қолы;

5) реттік тіркеу нөмірі;

6) берілген күні;

7) ИнЕУ мөрі болады.

  1. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қорғаныш белгілері болады.
  2. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарда деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиясын және (немесе) QR коды қолданылады.
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мынадай сериялары бар:

1) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом – BD;

2) біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом – BQ;

3) магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – MA;

4) іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом – МВA.


ИнЕУ өзіндік үлгідегі дипломдарын мына жерден көре аласыз.

+7 (700) 956-98-91
Қабылдау комиссиясы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі 45

Пайдалы сілтемелер