ИнЕУ-де кәсіпкерлік білім беру! » Инновациялық Еуразия Университеті
» » ИнЕУ-де кәсіпкерлік білім беру!
24 июля 2020

ИнЕУ-де кәсіпкерлік білім беру!

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында Инновациялық Еуразия Университеті бизнес бастамаларды белсенді қолдайды. Сонымен қатар, ИнЕУ Павлодар аймағында кәсіпкерлік білім беруді дамытуға бағытталған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының қатысушысы болып табылады.


ИнЕУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері осы жобаның резиденті бола отырып, стартап-жобалар конкурстарына қатысып, кәсіпкерлік саласында жаңа білім мен дағды алады. Осының бәрі әрбір адамды кәсіпкерлікке шабыттандыру - миссиясын жүзеге асыратын ERG компаниясының, Қазақстандағы Тель-Авив достары қауымдастығының және Алматы менеджмент университетінің арқасында мүмкін болды.

Биылғы жылы ИнЕУ, ВКИнЕУ және ЭКИнЕУ оқытушылары мен қызметкерлері үшін үш білім беру модулі іске қосылады:

  • «Кәсіпкерлік барлығы үшін» - 27-31 шілде 2020 ж.,

  • «Онлайн-білім беру» - 3-7 тамыз 2020 ж.,

  • «Академиялық кәсіпкерлік» - 10-19 тамыз 2020ж.

Оқыту онлайн-форматта ZOOM бейнеконференция сервисі арқылы өтеді.

Оқытудан кейін Бағдарламаның барлық қатысушылары сертификаттар алады және болашақта өз білімдерін тәжірибеде табысты іске асыра алады, сондай-ақ EcoSystem ERG Awards конкурстарында «Үздік кәсіпкерлік университеті», «Үздік бизнес-инкубатор», «Кәсіпкерлік бойынша үздік білім беру бағдарламасы», «Жыл кәсіпкері» (студенттер үшін), «Жыл Инноваторы» (оқытушылар үшін), «Жылдың амбассадоры» сияқты номинацияларда өздерін көрсете алады.
ИнЕУ оқытушылары мен қызметкерлерін әлі тіркеуге үлгермеген білім беру модульдеріне қатысуға шақырамыз! Қатысушылар 25 шілдеге дейін келесі сілтеме бойынша тіркелуі қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScZPU9PigNUc8yK1EXuloOXuLtKUk4abMzFzzFPW618-PFHOA/viewform 

Модератор: ИнЕУ кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры, э.ғ.к., доцент, PhD, Смагулова Зубираш Калыбековна.

Байланыс телефоны: +77017305411,
e-mail: dir_crpi@ineu.kz, smagulova1111@mail.ru 
Трендте болыңыз!

ИнЕУ баспасөз қызметі