Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды » Инновациялық Еуразия Университеті
» » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды
15 ноября 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды


«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңының 15-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) 2021 жылдың жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.

Осы орайда алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына Министрлікпен 50 сыйлық тағайындалатын болады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (5 834 000 тенге) құрайды.

Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://universitycontest.iac.kz/bestresearcher/ ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында қабылданады.
Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) ғылыми дәреженің болуы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі беретін ғылыми атағының болуы;
3) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;
4) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);
5) соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;
6) соңғы 3 жыл ішінде философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;
7) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;
8) тиісті құқықтық құжаттармен расталған (комиссиялар, жұмыс топтары, сараптамалық топтар, жобалық кеңселер) ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.


Жауапты тұлға - Жексембаева Айжан Шайханқызы, телефон 8 (7172) 74-20-29

Чат-бот